«№7 арнайы мектеп-инетренат» КММ-сі туралы мәлімет.
Түркістан көмекші мектеп-интернаты іргетасын 1942 жылы неміс басқыншыларының себебімен жетім қалған Украйна, Белоруссия, Ресей мемлекетінен келген балаларға арналған жетімдер үйі ретінде ашыдған. Соғыс аяқталып жетімдер үйінің қажеттілігі жойылған соң 1952 жылы Қазақстанда тұңғыш рет ерекше оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін зерде бұзылыстары бар балаларға арналған Түркістан көмекші мектеп интернаты болып өзгертілді. Содан ұзақ жылдар бүкіл Қазақстаннан жиылған ерекше оқыт уды қажет ететін балалардың базалық мектебі болды. Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан соң ерекше оқытуды қажет ететін мектеп инт ернаттар әр өңірде ашылды, Түркістан көмекші мектеп-интернаты облыс көлеміндегі ерекше оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін балаларға қызмет етуін жалғастырды. Мектеп тәрбиеденушілері «Зерде бұзылыстары бар», «Зердесінің жеңіл түрде зақымдалуы», «Зиятының жеңіл түрде зақымдалуы», «Тірек қозғалыс аппаратының бұзылысы», «Жалпы сөйлеу тілінің бұзылыстары» сырқаттарымен балалар денсаулық сақтау ұйымының психиатр-дәрігерінің зерде жағдайы бойынша есепте тұрады. Ерекше оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін балалардың сырқаты жылдан жылға күрделеніп келеді. Дамуындағы ауытқушылықтарды жеңу мақсатында арнайы ұйымда білім алушыларға / тәрбиеленушілерге/ психологиялық-педагогикалық жағынан түзеу, оқыту мен тәрбиелеу, еңбекке баулу кәсіби диагностика, кәсіби білім беру үшін топтық және жеке түзету сабақтарын арнайы дефектолог және олигофренопедагогтар жүргізеді.
Аталған арнайы мектеп-интернатта бүкіл Түркістан облысы аумағынан атап айтқанда: Түркістан, Кентау, Арыс қалалары, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Созақ, Қазығұрт, Сауран ауданының ерекше оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін балалары оқып тәрбиеленуде.
2018 жылы Түркістан қаласы Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен жаңадан құрылған Түркістан облысының орталығы болып жарияланды.
2020 жылы Түркістан облысының мәжіліс аппаратының «Түркістан қаласын дамыту туралы» № 1-43 мәжіліс хаттамасымен, 13 сәуір 2020 жыл «Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының» басшысы А.Толыбаевтың 22.04.2020 жылғы №133 бұйрығы, Түркістан қаласы әкімі Р.Аюповтың «Ғимаратты коммуналдық меншікке қабылдау туралы 22.04.2020 жылғы №738 қаулысы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Р.Жолаевтың «Басқа мекен-жайға көшіру туралы» 18.05.2020 жылғы №№111 бұйрығымен Түркістан көмекші мектеп-интернатының жері мен ғимараттары қала теңгеріміне өткізілді.
2020 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінгі қазіргі таңға дейін мектеп-интернат бейімделген ғимаратты жалға алып отыр. 2020-2023 жылдар аралығында Жеке кәсіпкер Абдикадированың ғимаратында жалға алып отырды. Қазіргі таңда «№7 арнайы мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Түркістан облысы, Түркістан қаласы Кентау трасса 2В-де орналасқан 2023 жылдан бері жалға алып жұмыс жүргізуде. Жобалық қуаты-150 орын, оқушы саны-167.
Ғимаратта оқу корпусы және жатақхана. Оқу корпусында: 20 комплект сынып бар, тіл дамуы кемшіліктерін түзеу кабинеті, тігін шеберханалары, ағаш, темір шеберханалары және әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау кабинеті, сенсорлы кабинет, медициналық кабинет, спорт зал, әр этажда 2 әжетханадан 8 орынды, 3 қол жуатын орын бар. Жатақхана жобалық қуаты 150 орындық, 11 жатын бөлмелері, 2 әжетхана 4 орынды, 1 жуынатын бөлме 4 орынды, 4 қол жуатын орын бар.
|
Даярлық сынып |
1 сынып |
2 сынып |
3 сынып |
4 сынып |
5 сынып |
6 сынып |
7 сынып |
8 сынып |
9 сынып |
10 сынып |
|
0 |
9 |
11 |
17 |
16 |
19 |
17 |
24 |
17 |
22 |
15 |
Педагогтердің санаттары
|
Санаты жоқ |
Педагог-модератор |
Педагог-сарапшы |
Педагог-зерттеуші |
|
25 |
37 |
13 |
7 |
ПМПК қорытындысымен оқушылар қабылданады және оқушылар санынан шығарылады.
Оқушылардың жеке істері құжаты жасалып, рет ретімен жинақталған. 2023-2024 оқу жылында 22 түлек мектеп-интернатын бітіріп шықты. Бекітілген сабақ кестесі бойынша 1-ші-2-ші ауысымға жасалынған. Мектеп-интернаттың «Күн тәртібі» жүйелі жасалынып, жоспарға сай жұмыс жүргізілуде.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру «Үйірмелер», «Бірлестік апталық жоспарлары», «Жексенбілік клубтар» бойынша кесте түзілген, мектеп директорымен жоспары бекітілген.
Үйірме жұмыстары: шебер қолдар, би өнері, шешендік өнер, үстел теннисі, қыл-қалам шеберлері, жеңіл атлетика, жексенбілік клуб салалары бойынша ұйымдастырылған.
2023-2024 оқу жылынан мектеп-интернат біріңғай онлайн мектеп Bilimclass порталымен электрондық журналын жүргізеді. Барлық пән мұғалімдері бағдарламаға сай күнтізбелік жоспарларын түзген, ТЖБ, БЖБ қорытынды бақылау жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Есту қабілетін дамыту және Дыбыстану пән мұғалімдері КТЖ жоспарларын №469 бұйрыққа сай түзетулер енгізу арқылы жасап ендірді. Бұл пән тек формативті бағаланады.
Мектеп-интернаттың 4 гектар жері бау-бақшасы, қосалқы шаруашылығы, спорт алаңы, жабдықталған 4 қабат жатақханасы және 3 қабатты оқу ғимараты болды. Ерекше оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін балалар мемлекеттік стандартқа сай білім мен тәрбие алып келді.
Мемлекетіміз ерекше жандарға қоғамның толық мүшесі болуға мүмкіндігінше қолдау көрсетіп келеді. Алайда елімізде ерекше оқыту мен тәрбиелеуді қажет ететін бала саны өкінішке орай жылдан жылға өспесе кемімей отыр.
№7 арнайы мектеп-интернат» /Түркістан көмекші мектеп-интернаты/ бүкіл облыс көлеміндегі ерекше балаларға қызмет етіп келеді.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан Халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №1008 жарлығы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Білім туралы 2007 жылғы 27 шілде №319 заңы 19 бабын, Қазақстан Республикасы «Кемтар балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы 3 тарау 9 бап 4 тармақ 1,2,3,4,5 тармақшаларын жүзеге асыру мақсатында мектеп-интернатқа ерекше білім мен тәрбиелеуді қажет ететін балалардың сапалы білім мен инклюзивті қоғамға бейімдеу үшін санитарлық талаптарға сай 300 орындық оқу ғимараты мен жатақхана ғимараты салынатын 3 г жерді алуға шешім шығарып беруіңізді өтінеміз.
Жер алу шешімінің шығуын кешіктірмей, созбай тиісті мекемелер жер құжаттарын /шешім, Госакт/ уақытында орындап беруін басты назарыңызда ұстап, шешімін табуына ықпал етуіңізді өтінеміз.
№7 арнайы мектеп-интернат» КММ-сі директоры м.у.а. Б.Касымова